Accessibility links

Таяу шығыстағы соңғы жағдайлар.


Газа қаласында израилдықтардың әскери операцияларынан бүгін 4 палестиндік қаза болды. Бұл атыс Израил әскерлерінің Хамас жауынгерлік тобы жетекшілерінің бірі Аднан Әл Гүлді ұстамақ болған кезінде орын алған .Әскери операция кезінде Аднан Әл Гүлдің үйі талқандалды .Кеше Палестина аутаномиясының жетекшісі Ясир Арафат жақын күндері радикалды топтар Израилмен бір мәмілеге келетіндіктерін қабарлайды деген болатын.Ертең Таяу Шығысқа баратын АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Кондализа Райс бүкіл Араб елдері мен Еуропалық Одақтан Палестина жауынгерлерінің қаржылану жолдарын тоқтатуды сұрады. Израил үкіметі Палестина үкіметінің басшысы Махмуд Аббасқа 7 күнмен 10 күн ішінде террористік топтарды жоюға уақыт берді.Егер Палестина өкіметі оған шамасы келмесе, Израил мұны өзі жасайды деп мәлімдеген Израил үкіметінің мүшесі Узи Ландау .

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG