Accessibility links

Украина оппозициясы конституциялық сотқа сұрау салды.


Украина президенті Леонид Кучма өткен аптада конституцияға бір қатар өзгеріс кіргізуді ұсынды. Украина оппозициясының басшысы, бұрынғы бас министр, " Біздің Украина" бірлестігінің төрағасы Виктор Ющенко бұған наразылық танытты. Жұма күні таратқан мәлімдемесінде Виктор Ющенко президент Кучма дара билігін күшейтуді көздеп отыр, президент сайлауын 2004-ші жылдан 2006-шы жылға шегіндірудің жолын қарастырады деп сипаттады. Бұл әрекет 2006-шы жылы екі сайлауды қоса өткізу сылтауымен жасалмақ деп айтылды. Кучма президенттікке үшінші рет өту амалын іздеп отыр деп алаңдап, Украина оппозициясы конституциялық сотқа сұрау салды, үшінші рет қайта сайлану тиымын нақтылауды өтінді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG