Accessibility links

Түркия үкіметі күрд көтерілісшілеріне рақымшылық жарияламақшы.


1985 жылдан бері бұл сегізінші ұсыныс болмақ. Дегенмен, ішкі істер министрі Абдұқадыр Ақсу көтерілісшілердің басшыларына кешірім жасалмайды деді жұма күні. Қаруын тапсырған сарбаздар, шабуылдарға қатыспағандар жазалаудан босатылмақ. Бұл ұсыныс алдағы дүйсенбіде үкіметте қаралып, сосын парламентке жолданады. Күрд жұмысшылар партиясы 1984 жылы қарулы көтерілістерін бастағалы бері 36 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың көпшілігі – күрдтер.
XS
SM
MD
LG