Accessibility links

Бәрі дерлік өз орындарына қайта келді.


Мақалада автор Даниял Ахметовтың Премьер-министр болып тағайындалуына байланысты, Үкімет құрамының қайта бұрынғы кадрлармен жасақталғандығы жайында жазады.

“Сөз” тәуелсіз басылымының соңғы санында “Бәрі дерлік өз орындарына қайта келді” деген Шәріп Құрақбайдың мақаласы жарияланды. Онда мақала авторы Даниял Ахметовтың премьер-министр болып тағайындалуына байланысты. Үкімет құрамының бұрынғы кадрлармен қайта жасақталғандығы жайында жазады. Мақала “Бұл дегеніңіз, президенттің саясатында ешқандай өзгеріс болмайтынын білдіреді. Яғни, қысым мен қуғын да тыйылмайды”,- деп басталады.

Алдағы Қазақстандағы саяси жағдайға болжам жасаған автор, Даниял Ахметовтың үкімет басына келуі – президенттің оппозицияға көрсеткен жұдырығы деп есептейді. Себебі, Павлодар облысына әкім болған Ахметов мырза Ғалымжан Жақияновтың істеген игі істерін жоюмен қатар,оның зайыбы Қарлығаш Жақиянованы Парламент депутаттығына өткізбеу жолында айрықша қызмет көрсеткен болатын.

“Осы еңбегін бағалаған Нұрсұлтан Назарбаев оны Премьер-министр етіп тағайындау арқылы осы “тәжірибені” бүкіл республика көлемінде жүзеге асыруды қолға алмақ”,- дейді автор. Бұл жайында Шәріп Құрайбай мақалада былай дейді: “Премьердің қолында нақты билік жоқ болғанымен, Ахметов жоғарғы жақтың “оппозицияның үнін өшіріп, тұншықтыру қажет” дегендей тапсырмасын орындауға бола осы қызметке әкелінген сияқты”,- делінген мақалада. Дәл осылай болған жағдайда ендігі күні жаңа үкімет басшысы оппозиция мен тәуелсіз басылымдарға қарсы күресті күшейтетін болады.

Сондай-ақ, Шәріп Құрақбай алдағы уақытта президенттің ішкі-сыртқы саясатында айтарлықтай өзгеріс болмайды деген жорамал жасайды. Мұны автор Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен күш қолдана алатын министрліктер мен ведомствалар басшыларының өз қызметтерінде қалуымен түсіндіреді. Сонымен қатар автор Қайырбек Сүлейменов пен Рашид Түсіпбековтың өз орындарында қалуы, алдағы сайлауларға қамданудың амалы деп есептейді. Ал, сайлаудан бұрын одан да үлкен, атышулы – “Қазақгейт” соты күтіп тұр.

Сондай-ақ, Еуропарламентте Қазақстанға байланысты қайтадан тыңдаулар өтеді. Бұл тұрғыда сарапшылар жағы Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қайрбек Сүлейменов жаңа үкімет құрамына кірмейді деп болжамдаған болатын. Оған Қайрбек Сүлейменовтың оппозициямен күрсете Мұхтар Әбілазов пен Ғалымжан Жақияновқа, және Сергей Дувановқа қарсы қылмыстық істерді ұйымдастарған органның басшысы болғандығы себеп болған еді. Бұл тұрғыда АҚШ Конгресі мен Европалық парламент олардың үшеуін де тұтқындар деп жариялағаны белгілі.

“Бұған қарамастан Сүлейменовтың қайтадан министр болып шыға келуі, барып тұрған әділетсіздік”- дейді автор. Сондай-ақ, тәуелсіз, оппозициялық басылымдарға қырғидай тиіп, қуғынның астына алып, оларды сотқа беріп, жаптыртып жатқан Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед те өз орнында қалып отыр. Бұл жайында Шәріп Құрақбай мақалада былай дейді: “Қазақстандағы оппозициялық басылымдардың “тырнақ астынан кір іздеп”, ашық қудалау ұйымдастырып жүрген Ақпарат министрі ертең Страсбургкке Европарламент сессиясына бара қалған жағдайда, бізде 1800 ден астам Бұқаралық ақпарат құралдары бар. Олардың 80 проценті жекеменшік дегенді алға тартып, елдегі саяси ахуалды жасыруға тырысатындығына еш күмәнім жоқ”,- дейді автор.

Алайда, Шәріп Құрақбай “Қазақстанда кедейшілік пен қудалаудың барлығын ешкім де жоққа шығара алмайды” дегенді тілге тие етеді. Ал мақаланы қорытындылаған автор, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Әділет министрі, Жоғарғы сот төрағасы және Юрий Хитриннің өз орындарында қалуы да – алдағы уақытта Қазақстандағы саяси ахуалдың жақсармайтындығын көрсетеді, дегенді айтады “Сөз” тәуелсіз басылымның соңғы санында.
XS
SM
MD
LG