Accessibility links

“Жер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды


Қазақстан Президентінің маусымның 20-сында жаңа Жер кодексіне қол қоюына байланысты, 2001 жылы қабылданған “Жер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды.


Бұл Маусым айының 28-де өткен Парламент Сенатының жалпы отырысы кезінде депутаттардың басым даусымен қабылданды.

Аталған заң жобасына дауыс беру барысында сенатор Тасбай Симамбаев жерді 49 жылға жалға алған адамдардың жері сақталатын болады ма деген сауал қойды. Оған Аймақтық даму мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің хатшысы Амангелді Сыздықов азаматтардың жалға алған жерлері сақталады дегенді айтты. Сонымен қатар сенатор мырза “Жер туралы кодексті қабылдар алдында шу көтеріп, халықты үрейлендіріп алдық. Ал шыны келгенде өзгерген ешнәрсе жоқ. Қалталы азамат болса, жерді сатып алуына мүмкіндік бердік,” деді.

Қазақстанның Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Александр Сизов осы Заң жобасын қабылдау қосымша қаржы-материалдық шығындарды қажет етпейді деп отыр.
XS
SM
MD
LG