Accessibility links

Депутаттар Назарбаевтың “Қазақгейт” туралы түсiнiктеме беруiн сұрады


ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Серiкболсын Әбдiлдин, Төлен Тоқтасынов және Владислав Косаревтiң ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа маусымның 29-ы күнi жолдаған хатында Америка Құрама Штаттарында жүрiп жатқан «Қазақгейт» iсiнiң қазақстандықтарды қатты алаңдатып отырғаны, алайда, Қазақстанның бiрде бiр ресми органының осы уақытқа дейiн түсiнiктеме бермегенi айтылады.

Хаттың еркiн аударылған қысқаша мәтiнiнiне келсек, «Тәуелсiз ақпарат құралдары өз бетiнше, кейде шет елдiк басылымдарға сiлтеме жасап, «Қазақгейт» туралы көп жазуда. Бұл аздай, кiтаптар мен басқа да дерек көздерi жарыққа шығып жатыр. Оларда Сiздiң және Сiздiң айналаңыздың «Қазақгейтке» тiкелей қатысты екенi жазылуда.

Жақында «Файненшел Таймс» газетiне берген сұхбатыңызда, осы iс бойынша айыпталушы ретiнде сотқа тартылып жатқан Джеймс Гриффеннiң сiздiң көмекшiңiз болғанын мойындай отырып, «Қазақгейтке» мұрындық болған да және оның негiзгi кейiпкерi де экс-премьер Әкежан Қажыгелдин деп айыптадыңыз. Президент мырза, Халыққа ақиқат пен өтiпрiктiң аражiгiн ашып берiңiз. Батыс банктерiнде тұтқындаулы жатқан аса мол қаражат Қазақстанға қайтарыла ма? Қазақстан халқы осы мәселеге байланысты ақпарат алуға тиiс деп есептеймiз. Сондықтан тез арада «Хабар», «Қазақстан» телеарналары және басқа да ақпарат құралдары арқылы хабарлама беруiңiздi сұраймыз»,- делiнедi .
XS
SM
MD
LG