Accessibility links

Қазақстан оппозициясы тағы да өртеніп жатыр


2002 жылдың көктемінде оппозициялық «Республика» газеті мен «Ақ жайық» атты баспа өртенген болатын. Үстіміздегі жылы Қазақстанның демократиялық күштер форумы тең төрағаларының бірі, белгілі қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаевтың көлігі жанып кетті.

26 маусым күні таңғы 05 сағат 15 минутта көлігі өртенгенін анықтаған Балташ Тұрсынбаев шұғыл түрде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен кездесті.
Баспа сөз мәслихаты барысында Балташ Тұрсынбаев оқиға неден басталғанын егжей-тегжей баяндап берді.

Мән-жәйға қысқаша тоқталып кетсек, үстіміздегі жылдың наурыз айында Балташ Тұрсынбаевты Америка астанасы Вашингторға Қазақстанның бұрыңғы премьер-министрі Әкежан Қажигелдин шақырған. Бұл шақыруды Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов телефон арқылы хабарлаған. Соңынан Балташ Тұрсынбаевқа біреулер қорқытып, бірнеше рет телефон шалған, көлігіне қышқыл құйып кеткен. Бұл оқиғалардан, кейн Балташ Тұрсынбаев Ұлттық Қәуіпсіздік комитетінің бастығына телефон шалып, бар жағдайды айтуға тырысқан. Алайда Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің жетекшісі орнында болмағандықтан, бар айтарын, Балташ Тұрсынбаев Нартай Дутбаевтың хатшысына жеткізген. Сол уақыттан бері Балташ Тұрсынбаевты ешкім мазаламаған, бірақ 26 маусым күні белгісіз жағдайда оның машинасы өртеніп кетті.

Қазақстанның демократиялық күштер форумы тең төрағаларының бірі, Жер мәселесіне арналған республикалық референдум өткізу жөнінде бастама көтерген ынталы топ жетекшіci Балташ Тұрсынбаев:

- Енді өлтіру ғана қалды. Егерде, билікте отырғандар қатты қысылатын болса, енді өлтіріп те жіберуі мүмкін.

Қалай болғанымен, бақылаушылардың пікірінше, соңғы оқиғаға Балташ Тұрсынбаевтың Жер Кодексі төңірегінде белсенділік көрсеткені де әсер етті . Естеріңізде болса, Қазақстан Президенті үстіміздегі жылдың 5 маусымында шетелдік инвесторлар мен өткен кездесуден кейін арнайы ұймдастырылған баспасөз мәслихатында, Жерге байланысты еш қандай референдум өтпейді деп, дөп басып айтқан болатын.

Оған қарамастан Балташ Тұрсынбаев бастаған қоғамдық комитет, 14 маусым күні арнайы жиналыс өткізіп, Республиканың 14 облысынан келген азаматтардың пікірін білді. Бір ауыздан референдумды қолдағандар, арнайы құрылған ынталы топты қолдап, Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады.

Референдум өткізу жөнінде ұсыныс жасаған ынталы топ,18 маусым күні қажетті құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізді, бірақ 20 маусым күні Қазақстан Президенті Жер Кодексіне қол қойып үлгерді. Осыған байланысты Жер мәселесіне арналған республикалық референдум өткізу жөнінде бастама көтерген ынталы топ, 23 маусым күні арнайы мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдемеде ынталы топ, Жер Кодексі қайтарып алынсын деген ойын білдірді . Ынталы топтың жетекшісі Балташ Тұрсынбаев өз пікірін былай жеткізген болатын.

Қазақстанның демократиялық күштер форумы тең төрағаларының бірі, Жер мәселесіне арналған республикалық референдум өткізу жөнінде бастама көтерген ынталы топ жетекшіci Балташ Тұрсынбаев:

- Президенттің пікірі белгілі болды.Ол кісі осы Жерді сатуға ертеден дайындалған сияқты. Неге десеңіз, бұл заңжобаны Парламенттің екі шатыры 27 маусым күні қарау керек еді, оған қарамастан 20 маусымда қаратқызды, апыр-топырын шығарып, депутаттар өздерінің дауысын беріп,сол күні Президент қол қойып үлгерді. Сонымен ол кісі бір нүктені қойдым деп, тарихтың бір парағын аудардым деп отыр.Бірақ мен Жерді сатқанды қолдап отырған халықты көріп отырған жоқпын. Ынталы топ, заң бойынша одан әрі жылжуды жоспарлап отырмыз. Референдум өткізу жөніндегі ұсынысымыз Орталық сайлау комиссиясынан өтпесе, сотқа жүгінеміз, одан нәтиже шықпаса, біздегі сайлау комиссия мен сот қалай жұмыс жасайтынын барлығымыз білеміз ғой. Егер заңды түрде нәтиже шығара алмасақ, халықтан ашық хатқа қол жинаймыз.

Қазақстан парламентінің мүшесі, Коммунисттер партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин, Қазақстан жетекшісі Жер Кодексіне қол қойса да, ынталы топ бұл заңның іске аспағанын қалаймыз дегенді айтты.

Қазақстан парламентінің мүшесі, Коммунисттер партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин:

- Жер Кодексі болу керек, әрине, бұл әр-бір мемлекеттің жер туралы қарым-қатынасын анықтайтын саясаты, бірақ осының өзі дұрыс талқыланып, дұрыс өткен жоқ. Өте көп қайшылықтар бар.Мынау ауыл-шаруашылығы деген үлкен, күрделі саясат ,оны түбегейлі жүргізуге арналып жасалған заң жақсы болу керек. Оған қол жетпеді, бұл біріншіден, екіншіден, елбасы асығыстық жасады, өзі кірісіп кетті, жалпы мұндай жағдайға кіріспеуі керек еді. Сол себептен кімнің мүддесіне шешілді бұл заң деген сұрақ туындап отыр. Оны халықтың өзі біліп отыр, байларға тиетін мүмкіндікті сол елбасы жасап отыр деген мәлімдемелер халықтың аузында. Жалпы менің көнілім толмады бұл заңға.

Бұл мәлімдемені ынталы топ 23 маусым күні жасады, 26 маусым күні Балташ Тұрсынбаевтың көлігі жарылып кетті. Енді Балташ Тұрсынбаевтың машинасы өртеніп кеткеннен кейін өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзін тыңдасақ

Қазақстанның демократиялық күштер форумы тең төрағаларының бірі, Жер мәселесіне арналған республикалық референдум өткізу жөнінде бастама көтерген ынталы топ жетекшіci Балташ Тұрсынбаев:

- Әрине, мұның артында Нартай Дутбаев басқарған мекеме тұр, бірақ біздің мемлекетте, біздің елде Президентпен кеңеспей, бір адам қымылдамайды.

Балташ Тұрсынбаевтың мұндай мәлімдесеінен кейін Нартай Дутбаев басқаратын мекемеге телефон шалдық. Ұлттық Қауіпсіздік комитеттің Алматы қалалық департаментінің ,атын атағысы келмеген қызметкері журналисттерге бар ақпаратты тек дүйсенбі күні баретінін айтты.

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің жаубына байланысты, біз бұл мәселеге арналған хабарларымызды одан әрі жалғастыратын болымыз. Әзірге, Балташ Тұрсынбаев Қазақстанның полиция сақшылары мен ҰҚК қызметкерлерінің қылмыскерлерді табатынына, сенбейтінін жеткізді, бірақ айыпты азаматтар табылса, Балташ Тұрсынбаев өз қатесін мойындауға дайын.

Қазақстанның демократиялық күштер форумы тең төрағаларының бірі, Жер мәселесіне арналған республикалық референдум өткізу жөнінде бастама көтерген ынталы топ жетекшіci Балташ Тұрсынбаев:

- Олар өз жұмыстарын дұрыстап істесін. Егер көлікті жағып жіберген адамды тапса, ол мен мас болдым, немесе анаша шегіп алып, өртедім десе, онда мен өз күдігімді қайта алып, жоғарыда атаған органдардан кешірім сұраймын.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов соңғы оқиғаны оппозицияға көрсетіліп отырған кезекті қысым деп бағалап отыр.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов:

- Бұл билік барлардың жаңадан жасап жатқан қысымы деп ойлаймын.Балташ Тұрсынбаев атап өткендей, біздің мемлекетте мүндай оқиғалар бір адамның рұхсатысыз жасалмайды.

Бұл пікірмен оппозицияда жүрген саясаткер Сейдахмет Құттықадамда келісіп отыр.

Сейдахмет Құттықадам, саясаткер:

- Бұл оппозицияда болып жатқан бірінші жағдай емес. Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін қанша газеттерді сабап, редакцияларды өртеп кетті. Сонымен қатар олардың қазір қолдарында түрлі БАҚ-тары бар, онда олар ауыздарына келгенін айтады, балағаттайды.Бірақ халық біліп отыр, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін. Сол себептен, менің айтайын дегенім, бұл өте жаман нәрсе, бұл тоқтамаса, осындай жағдайда халық көтерліп кетуі мүмкін. Себебі халық осы уақытқа дейін көп нәрсеге шыдады, енді көтерліп кетуі мүмкін.

Қазақстан Президенті Жер мәселесі төңірегінде ешқандай референдум болмайды дегенді айтады, оппозиция референдум өткізіп, халық пікірін білеміз деген ойда, бұл күрес қалай аяқталарын алдағы уақытта білерміз.
XS
SM
MD
LG