Accessibility links

Бүгін Ызрайль Газа аймағының негізгі тас жолына бақылауды палестиндіктердің қолына табыс етті.


Кеше кешке Газа аймағының солтүстігіндегі Бейт Ханун елді мекені мен оның маңынан Ызрайль өз әскерлерін шығарды.Қосындарды шығару таяуда қол жеткізілген Ызрайль Палестин келіссөздеріне сай, ызрайльдіктер өз әскерін Газа аймағы мен Иордан дарияасының батыс жағалауындағы Вифлеем кентінен әкетуі керек.Келісімге сай бұл аймақтарға палестин қауіпсіздік сақтау күштері кіріп еврейлерге жаңа террорлық шабуылдарды болдырмауға ат салысуы тиіс.Ресми Тель -Авивтің мәлімдеуінше палестиндіктердің "Хамас","Фатх" және "Ислам жихады" сынды қарулы топтары үш айлық тыныштық сақтау кезеңі терроршыларға ес жыйып қайтадан жұмылуға мүкіндік береді деді. Ал Хамастың өкілі Абділ Әзиз Рантисидің айтуынша. " Хамас пен Ислам жихады екеуіде үш айлық тыныштық сақтауға өз келісімін берді.Егер ызрайльдіктер палестиндіктерге қарсы шабуылдарын тыймаса, онда Хамас пен Ислам жихады ызрайльдіктерді серттен тайған шабуылдаушы деп қабылдайтын болады.Ондай жағдайда біз ештеңкеге қарамастан жауап қайтаратын болсамыз.Онда біз Ызрайльге қарсы тұрамыз." Ызрайль Сыртқы істер мекемесінің жауапты өкілі Гидеон Мейрдың айтуынша. " Бұл жерде біз нені көре аламыз,бұнда палестиндік террорлық ұйымдар мен Палестин үкіметінің арасында ішкі келісім бар, бір жағынан олар террорлық инфрақұрылымға ие бола бермек және екінші жағынан бізбен келіссөздерді жалғастыру мүмкіндігіне ие болмақ." АҚШ тыныштықтың орнауына өз ризашылығын білдіріп палестин жерлеріндегі "террорлық инфрақұрлым" құртылуы керек деді.Ызрайль қосындарын шығару мен бейбітшілік орнату "жол картасы" атты таяу шығыста тұрақтылық орнатпақ халықаралық жоспарға орай жүріп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG