Accessibility links

Жапония Иранмен ірі мұнай кен орындарын игеру жөніндегі келісім шартқа қол қоюды кейінге қалдырды.


Токио Техранды 2млд. доллар тұратын келісімді жасамас бұрын алдымен дау- жанжалды реттеп алуға шақырды.Әлемдік қауымдастық Иран жаппай қырып-жою қаруын жасап жатыр деп қауіптенеді.Ал, Иран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт сипатта деген пікірден қайтпай отыр.Және батыс елдері Техранға қарсы экономикалық санкцияларын алып тастап, тығыз қарым- қатынасқа барсын деген талап қоюда. Иран үкіметі Халықаралық атом энергетика агенттігінің басшысы Әл- Бародейді Техранға келіп, Иранның ядролық нысандарын тыңғылықты тексеріп,бұл жағдайды талқылауға шақырып отыр.Бірақ Әл -Бародейдің Техранға қашан баратыны әлі белгісіз.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG