Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскеріне қарсы шабуылдар жалғасып жатыр.


Бүгін Бағдадтың орталығында АҚШ әскери көлігі жарылған сондай-ақ, бүгін американдық әскерлер сабына оқ атылып,бір сарбаз жараланды.АҚШ әскери қолбасшылығының хабарына қарағанда,бұл шабуыл Бағдад әуе жайына жақын жерде орын алған .Өткен түнде елдің батысындағы Фаллуджа қаласындағы мешітте жарылыс болып, онда бес ирақтық өліп, 4-уі жараланған.Жарылыстың себеп салдары әлі белгісіз.АҚШ-тың қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Америка әскерлеріне қарсы шабуылдар Саддам Хуссейнге адал берілген оның жақтастары тарапынан болып отыр деп айтқан. Вашингтонда сөйлеген сөзінде ол, Ирақты азат ету операциясы аяқталды, құлаған Саддам режимі енді ешқашан келмейді деп атап өткен.Сонымен қатар, Рамсфелд Ирақтағы уақытша американ-британ әкімшілігіне қарсы айтылған сындарды қабылдамады.Дүйсенбі күні қаржылық құйтырқы әрекеттерге жол берген және адамдарды ұрлаған деген айыппен Ирақтың Ән- Хаджаф қаласының әкімшілік жетекшісі тұтқындалды. Елдің орталық аймақтарында америка әскерлері Саддам Хуссейннің қарулы жақтастарын іздеу шараларын жалғастыруда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG