Accessibility links

Қазақстанның Демократиялық Таңдау Қозғалысы мен Ресейдің Оңшыл Күштер Одағы арасында жаңа байланыс орнамақшы.


Осыған орай шілденің 1- і күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз орталығында ҚДТҚ –ның саяси кеңесінің төрағасы, мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов пен Ресейдің Оңшыл күштер одағының төрағасының орынбасары Александр Баранников баспасөз мәслихатын өткізді.


Бүгінгі Алматы кездесуінде екі жақ Қазақстан мен Ресейдегі саяси- әлеуметтік және демократиялық реформалардың қалай жүргізіліп жатқандығы жөнінде баға беріп, алдағы уақытта ҚДТҚ мен СПС-тің бір платформада бірігіп жұмыс істейтіндіктері жөнінде келіскен.

Алматыдағы бұл жолғы жиынға Ресейдің оңшыл күштер одағының төрағасы Борис Немцовтың өзі келмекші болса да, сайлау жұмысы жақындап қалғандығына байланысты келе алмаған.
XS
SM
MD
LG