Accessibility links

“Күшті соққы әрекеті” Ирақтағы бас көтерулерге жауап болмақ.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Ирақтағы американдық қосындар өздеріне қарулы қарсылықты басып-жаншу үшін жапай тінтулер жүргізіп жатыр.АҚШ қосындарының айтуынша, "Күшті соққы әрекеті" Саддамның қарулы жақтастарына қарсы бағытталған.

Бірақ бұрынғы режимнің белсенді қолдаушылары одақтастар үшін бір ғана қиыншылық туғызып отырған жоқ.

АҚШ қосындары орталық Ирақта "Күшті соққы әрекетті" атты бұрынғы режимнің бас көтерген өкілдеріне қарсы бағытталған әскери операцияасын жүргізіп жатыр, - деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Валентинас Мите өз хабарын.

АҚШ қосындары дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Ирақтың жер - жерлерінде 319 ирақтықтың қамауға алынып, солардың қатарында Саддамның Баас партиясының мүшесі, бір полковниктің бар екендігін жариялады. Бұл Ирақтағы қарсылықты басуға бағытталған бірінші бұндай әскери қимыл емес,бірақ американдық қосындарға шабуыл жасаулар тыйылатын емес. АҚШ әскерилері бұған бұрынғы режимнің қалдықтары кінәлі деуде.

АҚШ елбасы Джордж Буш мамырдың 1-і күні Ирақтағы соғыс айақталды деп жария лаған күннен бастап, 24 американдық сарбаз жау оғынан мерт болды. Сенбі күні АҚШ әскерінің баспасөз хатшысы майор Сиен Гибсонның өткен сәрсенбіде жоғалған екі сарбазға байланысты айтуынша:

"Одақтастар күштері бүгін 25-інші маусымнан жоғалып кеткен АҚШ әскерінің екі сарбазының мәйітін тапты. Олар Бағдадтан мөлшермен 25-миль қашықтықтағы ауданнан табылып, олардың кім екендері анықталды."

Ирақта АҚШ қосындары бетпе - бет келіп отырған қарсылық тек бұрынғы Саддамды қолдаушылардан ғана шығып отырған жоқ,осыған байланысты Лондонда орналасқан Экономикалық барлау мекемесінің Таяу Шығыс пен Африка бөлімінің ақылманы Нейл Патриктің пікірі мынандай.

"Кейбір мәліметтер бойынша асыра діншілдердің бір бөлігі бұрынғы режимнің қалдықтарымен тактикалық одақ құрып, не жеке дара әрекет етеді. Және бұған қоса тайпалар мәселесі тағы бар,соңғы жылдарда режим оларды қаруландырды және билік құлағанда олар қаруға ие болып қалды және бұл тайпалар режимнің жоғарғы шенді өкілдеріне баспана беріп, тіпті Саддамның өзін де жасыруы мүмкін."

Патриктің айтуынша, оларды қарусыздандыру рулық ар- намысты қорлау деп қабылданады, қару асыну мақтаныш болып саналады. Ол өткен аптада оңтүстік Ирақта 6 британдық қосын қару жинамақ болған кезде осындай қарсылыққа тап болғандығына тоқталады. Сондықтан, американдық әскерилер ру басыларымен келіссөздер өткізулері тиіс дейді ол.

"Дәл қазіргі уақытта АҚШ-тың жергілікті көсемдермен жұмыс жасап жатқанын мойындауы маңызды.Менің ойымша кейбір қарсылық болған аймақтарда олардың саясаты теріс түсіндірілген және олар жергілікті билеушілермен жұмыс жасаудың қажеттігін түсінбеген. Бұл күштердің кейбірі егер тіпті Саддам Х ұсейін тұтқындалар болса да қарсылық көрсетуі мүмкін. Бірақ егер Саддам тұтқындалса, онда кейбір ирақтықтардың оның өз билігін қайта орнатады деген үмітін оятпаған болар еді”, - дейді Патрик.

Жексенбі күні Ирақтағы АҚШ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер американдық қосындар қайткен күнде де, Саддам Хуссейінді не тірідей, не өлідей таппай қоймайды, - деді. Бірақ көптеген талдаушылар Саддамның тағдырынан гөрі, Ирақтағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтірген маңыздырақ деп санайды.

Женевада орналасқан НАТО-ның бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасымен байланысты Саяси зерттеулер орталығының американдықтардың қаупсіздігін бақылау орталығының ақылманы Жулиан Линлей –Френчтің айтуынша:

"Американдықтар айыпталып отырған көптеген мәселер олардың қатесінен емес, бұл трагедияалық күлкілі жағдай."

Ирақтықтар қоғамдық тәртіптің жоқтығына, электр қуатының үзілуіне, ауыз судың жетіспеушілігіне, тіпті астанадағы жол бөгелістеріне ашулы. Олар балалардың мектепке, әйелдердің дүкенге барулары қауіпті болып кеткенін айтуда. Адамдар американдықтардың бұнда келуін "азат ету" демейді, оны "басқыншылық" деуде.

Шиит және сунит имамдары жұма намаз кезінде "басқыншыларға" қарсылық танытуға үндейді. Бұрынғы режимге қарсы саяси партиялар мен қозғалыстар АҚШ азаматтық әкімшілігін Ирақ үкіметін құруды кешеуілдеткенге айыптайды.

Мұхамет Әбділ Жапар Ирақтың "Бетбұрыс және Демократия" атты жаңа партиясын құрушы. Оның айтуынша, Бағдадтағы күнделікті өмірге наразылықтар өскенімен, американдықтарға қарсы жаппай бас көтерулер туралы айтуға әзірше ерте деуде.

"Қазіргі таңда емес. Шындығында экономикалық жағдай нашарлап барады, оның оңалатындығы көрінбейді. Шынымен де, қарапайым ирақтықтар бұл ауыр жағдайдан запа шегуде.Бірақ мен бұндай ауыр жағдай ирақтықтарды американдықтарға қарулы көтеріске итермелейді деп айтпаған болар едім.Бұл мәселені қозғауға тым ертерек."

Ирақта АҚШ қосындарының шабуылын басқарған американдық генерал Томми Фрэнкс жексенбі күнгі жасаған мәлімдемесінде былай деді:

"Американдықтар Ирақта қол жеткізген жеңіске шабуыл жасаушылар өзінің кесірін тигізе ме ? Әлбетте жоқ."

Фрэнкстың айтуынша, барлық ирақтықтар осыдан үш төрт ай бұрынғыға қарағанда, әлдеқайда жарқын өмірге ие. Ирақтың көпшілік тұрғындары Фрэнкспен келісіп, өздерінің үш ай бұрынғыға қарағанда тәуір екендігін мойындай жатар, бірақ сауалдар жетерлік деп аяқтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Валентинас Мите өз хабарын.
XS
SM
MD
LG