Accessibility links

Қазақстан Президентінің күйеу баласы Рахат Әлиевтың ар-намысы 300 мың тенгеге бағаланды

  • Гүлмира ХАМЗА

Бірінші шілде күні Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиевтың қадір-қасиет және ар-намысын қорғау мақсатымен «Ассанди таймс» газетіне қарсы соттқа берген шағымын қанағаттандырды.

Бұл жөнінде « Азаттық» радиосына «Ассанди таймс» газетінің заңгері Сергей Уткин мәлімдеді.

«Ассанди таймс» газетінің заңгері Сергей Уткин: - Сот шығарған шешім бойынша, біз Рахат Әлиев сұраған 10 миллион теңгенің орнына 300 мың тенге төлейтін болдық. Жауап беруші ретінде «Ассанди таймс» газетін басып шығарған «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестік және басылымның бас редакторы Ирина Петрушова мен, Рахат Әлиев туралы мақала жазған Мұхамеджан Әділов шақырылды, енді олардың әр қайсысынан 100 мың теңгеден алатын болды.

Екіншіден, сот шешімі бойынша, газетте жазылған деректер газеттің бірінші бетінде жоққа шығарылуы тиіс болған. Алайда «Ассанди таймс» газетінің заңгері Сергей Уткин соттың бұл шешімен келіспейтінін айтты.

«Ассанди таимс» газетінің заңгері Сергей Уткин: - Себебі жазылған мақалада болжау жасалған,түрлі азаматтардың пікірі келтірілген, енді бұл болжау іске аспай қалды, пікір шындыққа сай келмей қалды деп, деректі жоққа шығару ақылға симайтын жәйт.

Осыған байланысты «Ассанди таймс» газетінің заңгері Алматы қаласы Алмалы аудандық соты шығарған шешімді aппеляциялық түрде қайта қарастыруын талап ететінін жеткізді. Мәселенің мән-жайына қысқаша тоқталып кетсек, Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Президентінің күиеу баласы Рахат Әлиевтың қорғаушылары сотка шағымданған. Оған «Ассанди таймс» газетінің 2003 жылғы 25 көкек күнгі санында Мұхамеджан Әділовтың «Рахат Әлиев қайта оралды» атты мақаласы түрткі болған. Рахат Әлиевтың қорғаушысы Алексей Фоменконың айтуынша, мақалада деректер бұрмаланып, Рахат Әлиевты жалған қорлауға жол берілген.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі, әрі журналист Маржан Аспандиярованың пікірінше, бұл жерде мәселе Рахат Әлиевтың ар-намысына нұсқан келтіруде емес,бұл жерде мәселе оппозициялық бағыттағы баспасөз құралдарының жұмысын шектеу болып отыр.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі, әрі журналист Маржан Аспандиярова: - Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаев мырза көпшіліктің алдында, тіпті халықаралық бақылаушылардың алдында: -«Біз оппозициялық басылымдарды тиямыз, қалай болғаны мен, олардың дыбысын азайтамыз» деп, жариялаған. Бұл оқиғада («Ассанди таймс» газеті төңірегіндегі оқиға) ешқандай жаңалық жоқ.Бұл сот өз еркімен еш нәрсені шешпейді.Бұл елде, біздің мемлекетімізде, кез-келген шешім жоғарыдан берілген тапсырма бойынша қабылданады. Сол себептен бұл бізге жаңалық емес. Бұл Президенттің қазіргі саясаты.Себебі Президенттің, жалпы қазіргі биліктің халықаралық қоғам алдында абыройы қалған жоқ. Оған Президенттің Канадаға барған соңғы сапары дәлел. Қазір өз елімізде, өз халқымызға осы болып жатқан жағдайды жеткізбеу керек. Сол себептен нақты ақпарат беретін бір-екі басылымдардың, яғни «Ассанди таймс», «Сөз», «Азат» газеттерінің үнін өшіру керек.

Бұл пікірмен Қазақстандағы ірі тәуелсіз телеарналардың бірі – «31 канал»-дың, қазақ тілінде шығатын ақпараттық бағдарламасының жетекшісі Серік Әбікен ұлы келіспейді.

«31 телеарна» журналисті Серік Әбікен ұлы: - Байқасаңыздар, сот алдына барып жатқан басылымдардың барлығы ресми тілді басылымдар, оның өзінде де оппозициялық басылымдар. Бұл жөнінде дөп басып айту қиын, бірақ «СолДат» газетінің мәселесін алатын болсақ, ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Мұхтар Әблязовтың күнделік беттері деп, біраз мәселені жариялады. Аяқ жағында мүның жалған екені белгілі болды. Әрине, тексерілмеген ақпаратты таратқаны үшін журналист, басылым жауапқа тартылуы керек. Сол себептен, басылымға негізсіз қысым көрсетіліп жатыр деп, дәйексіз сөз айтуға қақым жоқ.

Журналист әрі саясаткер Сейдахмет Құттықадам, Қазақстандағы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары қысым көріп отыр, деген ойда, сол себептен журналисттің пікірінше, бұл тек оппозициялық басылымдардың мәселесі емес, күллі қоғам мәселесі болу керек.

Журналист әрі саясаткер Сейдахмет Құттықадам: - Енді соңғы кездері, тәуелсіз немесе оппозициялық басылымдар азайып бара жатыр ғой. Тәуелсіз, оппозициялық үш басылым жарыққа шығып жүр. Ол «Ассанди таймс», «Сөз» және «СолДат». Оның өзінде «СолДат» газеті шықпай қалды. Сонда екі-ақ газет қалды, «Ассанди таймс», «Сөз».Бірақ оларға да қазір билік жағынан қысым көрсетіліп жатыр , сосын билікте істейтін азаматтар,немесе біреулер «оқырман мыс» дегенді тауып, біреулерге арнайы жазғызады, осылардың барлығының тарапынан тәуелсіз басылымдар қысым көріп жатыр. Менің ойымша, бұл оппозицияның соңғы аралдарын жою, деп санауға болады. Соңынан осындай жағдайда күллі халықтың үні өшеді.

Баспасөз бостандығына күресу үшін саясаткер Сейдахмет Құттықадамның пікірінше, мемлекеттегі оппозиция күрестің жаңа әдісін ойлап табуы керек.
XS
SM
MD
LG