Accessibility links

Өкпенің өзгеше қабынуы ауыздықталып келеді.


Ресей Оңтүстік шығыс Азия елдерінен тараған өкпенің қатты қабынуы сынды эпидемияға байланысты Қытай мен Монғолия елдеріне барып келу жолындағы енгізілген шектеулерді алып тастады. Ресей үкіметінің қаулысына сәйкес, 4 маусымда жабылған шекаралық бекеттердегі тәртіп қайтадан бұрынғы қалпына келуі керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Оңтүстік шығыс Азия елдерінде өкпе ауруының беті қайтқан. Сондай-ақ, Тәжікстан елі де Қытаймен арадағы әуе жолы қатынасын қайта ашқан. Тәжікстан үкіметі де, бір жарым ай бұрын Қытайда Сарс ауруының таралуына байланысты екі ел арасындағы ұшу бағытын тоқтатқан болатын. Енді Қытай жағының эпидемияның таралу қарқыны басылғаны туралы мәліметі келген соң, бүгіннен бастап, Тәжік ұлттық әуе компаниясының хабарлауынша, Қытайдың Үрімші қаласына бірінші ұшақ үшырылған.
XS
SM
MD
LG