Accessibility links

Италия алдағы жарты жыл бойына Еуро Одақ төрағасы болады.


Италияның премьер министрі Сильвио Берлускони бүгін Еуро Парламентте өз елінің Еуропа Одағында төрағалық ететін уақытта атқаратын шаралар бағдарламасымен таныстырады.Италия Еуро Одақта жарты жыл, яғни 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі аралықта төрағалық ететін болады.Берлусконидің айтуынша, Италия үшін басым бағыттардың бірі- Еуро Одақтың конситутциялық жобасы жөніндегі талқылауларды аяқтау .Және заңсыз иммиграциямен күрес жөніндегі заң жобалары мен Ирақ соғысы мәселесінде келіспеушілікке ұшыраған. Еуро Одақ елдерімен АҚШ арасындағы байланысты нығайту болып отыр.Еуропалық комиссияның басшысы Романо Проди Италияда алдағы болатын сайлауларда Берлусконидің бәсекелесі болуы мүмкін.Дегенмен Романо Проди Еуро Одақта Италияның төрағалық ететін кезеңінде олардың жеке қарым- қатынасы ортақ ынтымақтастыққа кері ықпалын тигізбейтін болады деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG