Accessibility links

Еуропа Кеңесінің Бакуге талабы.


Баку полициясы бүгін орталық сайлау комиссиясының ғимараты алдында наразылық акциясын өткізіп тұрған алты адамды ұстады.Тұтқындалғандар бұл елдегі оппозициялық демократиялық партияның мүшелері.Олар өз партияларының жетекшісі Расул Гулиевтің алдағы 15 қазанда болатын президенттік сайлауға қатысуы үшін, бұдан бұрын оған тағылған айыпты алып тастауын талап еткен. Расул Гулиев Әзірбайжан парламентінің бұрынғы төрағасы, ол соңғы 7 жылдан бері АҚШ -та тұрады. Әзірбайжан өкіметі оны алаяқтыққа барды деп айыптап отыр.Еуропа Кеңесі Бакуден Расул Гулиев пен бұрынғы президент Аяз Муталибовке сайлауға қатысуға мүмкіндік беруін талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG