Accessibility links

Одақтастар әскері Ирақта үкімет жасақталғанша қалатын болады.


Бүгін АҚШ пен Ұлыбритания елдерінің жетекшілері Америка мен Британия әскері Ирақта жаңа үкімет құрылып, тұрақтылық жағдайы толық қалыптасқанша қалады деп мәлімдеді.Ирақтың Басра қаласына келген Британия сыртқы істер министрі Жек Стро бұрынғы режимнің жаулық әрекеті одақтас күштерді Ирақтан шығара алмайды деп атап айтқан. Ирақтағы американдық әкімшіліктің басшысы Пол Бремер уақытша үкіметті құру шілде айының ортасына жоспарланып отыр деген. АҚШ президенті Жорж Буш Ирақтағы Америка әскерлеріне шабуыл жасап жүргендердің әрекеті алдымен ирақтықтардың өзіне үлкен соққы болады деп мәлімдеді.Вашингтонда сөйлеген сөзінде Буш АҚШ әлі де Ирақта әділетті қоғам орнатып, ирақтықтардың жарқын болашағы үшін елдің экономикасына көмектесуге ниетті деген.Америка президентінің сөзіне қарағанда, Ирақтағы коалиция күштеріне шабуыл жасап жатқандар бұрынғы билік басында болған Баас партиясының белсенділері, яғни Саддам Хуссейннің жақтастары болып отыр.Сейсенбі күні Бағдад пен оның маңында болған шабуылдар салдарынан жараланған АҚШ-тың 6 әскерінің біреуі бүгін қайтыс болды.Ирақтағы соғыс операциялары аяқталды деп ресми түрде жарияланғаннан бері де, Ирақта 26 американдық, 6 британдық әскер қаза тауып, бірнешеуі жараланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG