Accessibility links

Вифлеем қаласының бақылауы палестиндіктерге беріледі.


Бүгін Израил Таяу шығысты реттеу жөніндегі халықаралық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде Иорданның батыс жағалауындағы Вифлеемге бақылауды палестиндіктерге беруі керек.Бұл жөнінде Ариел Шарон мен Махмуд Аббастың Израил –Палестина келіссөздері аяқталғаннан кейін, израилдың қорғаныс министрі Шаул Мофаз хабарлаған.Шарон өзінің Палестина аутономиясының басшысы Ясир Арафаттың Газа қаласына көшуіне қарсы еместігін мәлімдеген.Арафат соңғы бір жарым жылда израил әскерилері қоршап тұрған Рамалладағы резиденциясынан шықпаған болатын.
XS
SM
MD
LG