Accessibility links

Шілдеден бастап зейнетақы өседі

  • Сәуле ОМАР

Осы айдан бастап зейнеткерлердің зейнетақысына қосымша қаражат қосылады.

Бір ғана Алматы облысы бойынша 149 мың 813 зейнеткер бар. Солардың ішінде биыл зейнетке шыққандары -64. Республикалық бюджеттен облысқа 179 миллионнан астам теңге бөлініп отыр. Зейнетақы төлеу орталығының қызметі әзірге зейнеткерлердің көңілінен шыға қоймағанымен, тырысып бағуда. Зейнетақы тағайындау қоры Алматы облыстық басқармасының бастығы Керімжан Сайлауұлының айтуынша, зейнетақыны көбейтуге арналған шешімге сәйкес, облыстық басқарма 1,5 ай бойы дайындық жұмыстарын жүргізген. Мемлекеттік зейнетақы тағайындау орталығының Алматы облысына қарасты 16 аудан, 3 қалада қазіргі уақытта 19 бөлімше жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG