Accessibility links

Алматыда Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саммиті өтеді


Шілденің 5-6-ы аралығында Алматыда Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кезекті басқосуы өтеді, деп хабарлайды Қазақстан СІМ-нің Алматыдағы өкілдігінен.

Осы саммит аясында Қазақстан президенті Н.Назарбаев, Қырғызстан президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан президенті Ислам Каримов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновтар халықаралық саясат мәселесінде өзара пікір алмасып, ұйым қызметінің қорытындысын талқылайды.

Сондай-ақ, осы мемлекет басшылары ұйым жұмысының регламентіне сәйкес Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына төрағалық мәселесін қарайды деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азиядағы ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге төрт мемлекеттің басшылары 2002 жылдың 28 ақпанында қол қойған болатын.
XS
SM
MD
LG