Accessibility links

Бүгін Румыния президентінің Ресейге сапары басталды.


Румыния президенті Ион Иллеску бүгін Мәскеуге келді. Бұл сапарында Румыния президенті Ресеймен арадағы ынтымықтастықты нығайтатын жаңа келісімге қол қоятынын айтқан.Ресей Думасының төрағасы Геннадий Селезнев Румыния басшысымен кездесуінде Ресей мен Румын елінің болашақта жанжақты табысты дамуына ешқандай саяси кедергі жоқ деген.Спикердің пікірінше , Ресей мен Румынияның сауда-экономикалық байланысын арттыру алдағы мақсат болып табылады.Кездесу соңында президент Ион Илиеску журналистердің сұрағына жауап берді, онда ол жаңа келісім биылғы екі жақты қарым-қатынастың деңгейін көрсетеді дей келе, жұма күні қол қойылатын бұл саяси құжатқа аса маңыз беретінін айтқан.Және ол екі ел арасындағы экономикалық байланыстар әлі әлсіз екеніне тоқталды.Достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою Румын президентінің сегіз жылдан кейін бірінші рет Мәскеуге келгендегі басты мақсаты болып табылады.Екі елдің арасындағы тауар айналымы өткен жылдың есебі бойынша 1,320 миллион долларды құраған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG