Accessibility links

Америка Либерияға бітімгершілік күшін жібермекші.


Вашингтонда Либерияға бітімгершілік әскерін жіберу мүмкіндіктері қарастырылуда. АҚШ президенті Жорж Буш өз әкімшілігінің бұл Африка еліндегі жағдайды қалай тұрақтандыруы керектігі жөніндегі барлық мүмкіндіктерді талқылап жатқанын мәлімдеді. АҚШ президенті өз сөзінде, Либерия президенті Чарльз Тейлор ұзаққа созбай тезірек елден кетуі керек деп есептейтінін айтты. Өткен айда Либерия астанасы Монровияда көтерілісшілердің наразылық әрекетінен мыңдаған бейбіт тұрғын қаза болған. Алдағы дүйсенбіде Жорж Буш Африка елдеріне сапарын бастамақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG