Accessibility links

Таяу шығыстағы жағдай қайтадан ушықты.


Палестина қарулы топтарының бір мәмілеге келу келісімін бұзғанына байланысты бүгін Израил ресми түрде наразылық танытты. Бүгін таңертең Газа қаласындағы еврей елді мекені үш зымыранмен атқыланған соң, израил әскері дүйсенбі күні палестиналықтардың бақылауына берілген негізгі үлкен жол торабына тосқауыл қойды. Иорданның батыс жағалауындағы Қалкилия қаласында Израил арнайы қызметінің қызметкерлері Әл-Ақсаның бір жауынгерін өлтірді, екіншісі тұтқындалды.Кеше ғана оң бастау алған Палестина мен Израилдың бейбіт келіссөздерін АҚШ президенті Жорж Буш қош көретінін айтып, енді екі тарап өзара теке- тіресті жеңетін аздаған кедергілерден өту ғана қалды деген еді. Палестина үкіметінің басшысы Махмуд Аббас еврейлердің Хар-Даром елді мекеніне палестиндік жауынгерлердің зымыранмен жасаған бұл шабуылын айыптады. Бірақ Израилдің бұл террорлық акті дегенін жоққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG