Accessibility links

АҚШ-тың одақтастары Буштың Халықаралық қылмыстық сотқа байланысты шешіміне өкінді


Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот алдындағы жауапкершіліктен АҚШ азаматтарын босату туралы екіжақты тұрақты келісімнен бас тартқан 35 елге әскери жәрдем ретінде берілетін 50 миллион долларға таяу қаржыны Құрама Штаттары тоқтатып қойды.

АҚШ-тың орталық және шығыс Европадағы одақтастары бұл шешімге реніш білдіріп отыр.

АҚШ заңдарына сай ел басы Джордж Буш өз қалауынша кез келген елге әскери көмек көрсетуді тоқтата алуға құқылы,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Жеффри Донован өзінің Вашингтоннан жолдаған хабарын.

Сондықтан да ол АҚШ-тың орталық және шығыс Европадағы алты сенімді одақтасына бұндай жәрдем беруді тоқтатып тастады.

Эстония, Литва, Латвия, Бұлғария, Словения және Словакия барлығы да Европа Одағына және НАТО-ға кіруге дәмелі және Еуро Одақтың Ирақтағы соғысқа қарсылығына қарамай, АҚШ-ты ашық қолдаған елдер.

Олардың Ирақ соғысын қолдауы Еуро Одақ заңдарына томпақ келмегенімен, Халықаралық қылмыстық сот мәселесінде ол Еуро Одақ алдында жауапты етеді және Еуро Одақ АҚШ азаматтарын ерекше мәртебеге қоятын екіжақты келісімдерге қол қоймауды ұсынды.

Еуро Одақтың болашақ мүшелерін бәлки Буш Американың Ресми қызметкерлерін Қорғау Актінің талаптарын орындамай отырғандары үшін кешірер. Дүйсенбіде қабылданған шешім бойынша АҚШ азаматтарын Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа тартудан босататын екіжақты келісімді бекітуден бас тартқан 35 елге берілетін әскери саладағы жәрдем қаржы тоқтатылды.

НАТО мүшелері мен "басты одақтастарға" жатқызылған елдермен қоса 22 мемлекет санкциядан босатылды, өйткені олар бұл заңға қол қойды, не бұл бас тарту Вашингтонның мүдесіне сай келді.

Ауғаныстан, Албания, Босния, Македония және Тәжікстан босатылған елдер қатарына жатқызылды.Бірақ Буш АҚШ-тың НАТО-лық болашақ одақтастарының ішінде Румынияға қол қойғаны үшін сенім білдірді.Бұған байланысты Ақ үйдің өкілі Ари Флейшер өз ойын былайша жеткізді :

"Америка азаматтарын Халықаралық қылмыстық соттан қорғау мәселесі әрбір мемлекетпен қарым- қатынас құру барысында маңызды және өзек жарды мәселе болады деп қабылданбауы керек."

АҚШ-тың ең көп әскери жәрдемін алушы есірткмен күрес майданының басты шебі болып саналатын Колумбия қаржыдан қағылмайды.

НАТО-ның болашақ мүшелерінің ресми өкілдері "Азаттыққа" өздерінің Вашингтонның шешіміне ренжулі екендігін білдірді. Соның бірі АҚШ-тағы Литва елшілігінің ақпарат құралдарымен байланысқа жауапты өкілі Роландас Касинскастың айтуынша :

"Әрине біз АҚШтың жақсы одақтасымыз және терроршылдықпен күреске атсалысып жатырмыз және біз Құрама Штаттармен екі жақты жақсы байланыста екендігімізді ескеріп ел басы көмекті қысқарта қоймас деп ойладық. Мамыр айының соңында Буш, Краковта жасаған мәлімдемесінде, Ирақ мәселесінде Польша европалық жақсы одақтастары мен жақсы америкалық одақтасының арасында таңдауға мәжбүр болды дегенін еске алып Халықаралық қылмыстық сот мәселесінде НАТО-ға қабылданбақ алты елге Вашингтон тура осындай шешім қабылдап отыр,- дейді Касинскас.

"Бір өкініштісі бұл бола қойған жоқ. Біздің жағдайымызда біз Европа мен Құрама Штаттардың арасынан бірін таңдауға мәжбүр болғанымызға өкініш білдіреміз."

Вашингтондағы Словакияның уақытша сенімді өкілі Питер Кмектің айтуынша:

"Шынтуайтында біз мемлекеттік құпиямен кездесіп отырмыз. Екі жақтың көңілінен шығу өте қиын."

Өз ойын жалғастырып Кмек :

"Біз АҚШ әкімшілігіне , біз американың Ирақ жорығында да, терроршылдық пен күрес барысында да, шынайы одақтасы болғанымызды түсіндіруге тырыстық. Сондықтан біз НАТО-ның толыққанды мүшесі сынды Құрама Штатардың одақтасы ретінде қабылданамыз деп күттік" дейді. Кмектің айтуынша 2004-інші жылдың мамырында алты ел НАТО-ға қабылданған сәтте бұл шешім өз күшін жояды деген сенімде.

Латвияның уақытша сенімді өкілі Рихардс Мутцинштың айтуынша:

"Латвия мен басқа да елдер кездесіп отырған мәселе- ол біздің НАТО-ға қосылуымыз, сондай-ақ біздің Европа Одағына қосылуымызға тіреліп қана отырған жоқ. Және біздің ойымызша егер АҚШ пен Евро Одақ арасында бұл мәселеде кеңірек түсіністік болса."

АҚШ-тың бұрынғы елбасы Билл Клинтоның кезінде 1998-інші жылы Халықаралық қылмыстық сот келісіміне қол қойған болса, Буш әкімшілігі АҚШ дербестігіне нұсқан келтіріледі деп бұған қарсылық білдіруде.

НАТО-ға мүше елдер ішінде тек АҚШ пен Түркия аталмыш сотқа қарсылық танытуда. Олардың қарсылығы оларды Қытай, Ресей және Ливия сынды елдердің қатарына қояды, ал Вашингтон болса оларды адам құқықтарын бұзушылар деп айыптауда.

Хьюман Райтс Уочтың халықаралық әділет бағдарламасының басшысы Ричард Дикердің айтуынша :

"Сербия мен Хорватия тап болып отырған екіжүзділікті айтып жеткізу қиын. Бір жағынан американ үкіметі менің сенімімше Гаагадағы Югославия трибуналымен серіктестікті талап етуі әділ. Ал дәл осы уақытта басқа үкіметерге Халықаралық Қылмыстық Сотпен серіктестікке бармаңдар деп қысым жасауда. Бұл екі жүзділіктің барып тұрған ашық, әрі арсыз түрі."

Халықаралық қылмыстық сотты қолдаушылар егер мемлекет өз ішінде ең сұрқия соғыс қылмыстарын жауапқа салмаса, онда бұл соңғы әділет іздер орын болар деп сеніп еді.

Ал бұл кезде Буш әкімшілігі 35 елдің кейбіреуі АҚШ мемлекеттік қызметкерлерін Халықаралық қылмыстық сотқа тартпау туралы екіжақты келісімге қол қояды деген сенімде. Әзірше 44 мемлекет "98-інші қаулы" атты келісімге қол қойғанын ашық мойындады және кемінде 7 ел бұған құпия жағдайда қол қойған.
XS
SM
MD
LG