Accessibility links

Әзірбайжан полициясы Орталық сайлау коммиссиясы ғимараты алдында оппозициялық демократиялық партиядан он бір адамды тұтқындаған


Әзірбайжан полициясы кеше , Орталық сайлау коммиссиясы ғимараты алдында оппозициялық демократиялық партиядан он бір адамды тұтқындаған. Олардың тоғызы шетелде сүргінде жүрген партия жетекшісі Расул Құлиевтің бәсекелес үміткер ретінде сайлану тізіміне алынбағандығы үшін наразылық білдіргендер еді. Енді, демократиялық партия басшылығы "Құлиев Әзірбайжандағы президенттік сайлауға жіберілмегенше наразылық әрекеттерін жалғастыра береміз", деп жариялаған. Әзірбайжанның бұрыңғы парламент төрағасы Расул Құлиев 1996-жылдан бері АҚШта тұрып келеді.

Европа кеңесі Құлиевтың және шетелде жүрген тағы да бір Әзірбайжан азаматы, бұрыңғы президент Аяз Муталибовтың алдағы президенттік сайлауда үміткерлер ретінде қатыстырылуын талап етуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG