Accessibility links

Шешенстандағы көтерілісшілердің бір қарулы тобы бір қыстаққа басып кіріп, ол арадағы полициямен шайқасқан.


Шешенстандық ресмилердің хабарлауынша, бүлікшіл қарулы топ өткен түнде бір қыстаққа басып кіріп, ол арадағы полициямен шайқасқан. Бір офицерді алып кеткен. Бұл уақиға Грозни маңайындағы Көне Сұнжа қыстағында орын алған. Сондай-ақ, бейсенбі күні Ведено ауданындағы Дарғо деген ауылда болған шабуылда үш орыс сарбазы қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алған.

Шелковская қыстағында минаға жарылған көлікте үш адам жараланған. Қарымта шабуыл ретінде орыс әскерлері Веденодығы күдікті базаларға, Ачхой-Мартан, Ұтым қале, Шатой және Шали аудандарына әуеден және артиллериямен соққы береген. Орыс қосындары күдікті деп 140 шешен азаматын тұтқындаған.
XS
SM
MD
LG