Accessibility links

Словакия полициясы бір чех дәрігерінің мұздатқыш қорабынан толған адам ағзаларын тапқан.


Словакия полициясы бейсенбі күні шегара бекетіндегі тексеріс кезінде бір чех дәрігерінің мұздатқыш қорабынан толған адам ағзаларын тапқан. Словакияның шегара маңайындағы Скалица қаласындағы бір ауруханада жұмыс істейтін ол дәрігер кісі органдарын Чехияға алып өтпек болған.

Словакия кеден қызметінен Сильвия Балазсикованың айтуынша, дәрігер ол кісі ағзаларын Чехия арқылы Батыс елдеріне өткізіп сатпақ болған сыяқты .

Сол ауруханадан екінші бір дәрігерді адам ағзаларын қамтамасыз етумен шұғылданған болуы мүмкін деген күдікпен тұтқындаған. Айыптары дәлелденсе ол екі дәрігер алты айдан үш жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG