Accessibility links

АҚШ Саддам Хусейнді ұстауға көмектесетін адамға 25 млн. доллар сыйақы жариялады.


АҚШ тақтан түсірілген Ирақ президенті Саддам Хусейнді ұстауға көмектесетін немесе оның өлімін растайтын анық дерек-мәлімет берген адамға 25 млн. доллар сыйақы жариялады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел бұл жөнінде,

" Біз үшін Саддам Хусейнді табу, немесе оның өлі-тірілігін анықтау аса маңызды шаруа. Ондай дерек-мәлімет Ирақтағы тұрақтылық үшін, оның қайта оралмауына халықтың көзінің жетуі үшін осындай шараны жариялап отырмыз", деген.

Бейсенбі күні Ирақ астанасында және оның маңайында болған қақтығыстарда кемінде он америка сарбазы жараланып, екі ирақ азаматы қаза тапқан. Ираққа Кувейт арқылы Польша сарбаздары келген. Европа комиссиясы Ирақтағы денсаулық шаралары үшін 37 млн. еуро бермек.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG