Accessibility links

Ұлыбритания премьер-министрі Қазақстан басшысымен кездесуге уәде беріпті

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Бейсенбі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Тони Блэр телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында екіжақты қатынасты дамытудың келелі мәселелері мен болашағы сөз болған. Қазақстан басшысы мен Ұлыбритания премьер-министрі екі елдің арасындағы іскерлік сауда экономикалық байланыстардың қарқынды дамуына қанағаттанарлық білдірген. Британия компаниялары Қазақстан экономикасына екі жарым миллиардтай АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйып отыр. Екі ел басшылары “Бритиш Петролеум” “Бритиш Газ”, “БАЕ систем” сияқты компаниялардың Қазақстан жерінде атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға берген көрінеді.

Сонымен бірге, аймақтағы және Ауғанстан, Иран, Ирактағы лаңкестікке қарсы күрес мәселелері талқыланған. Бұл бағытта Қазақстан мен Ұлыбританияның ұстанымы сәйкес келіп отыр делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан баянында. Телефон арқылы сөйлесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Тони Блэрді Қазақстанға келіп кетуге шақырыпты. Ұлыбритания премьер-министрі екі елдің белсенді түрде дамып келе жатқан сауда-экономикалық қарым-қатынасы жоғары деңгейдегі саяси ынтымақтастықпен беки түсуі керектігін мәлімдеген. Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын күндері Лондонда немесе Астанада кездесуге келісімін беріпті.
XS
SM
MD
LG