Accessibility links

Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижанұлы

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан Республикасы Парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстанның сыртқы саясатында болып жатқан өзгерістерге заңдық жағынан қолдау көрсетуді мақсат етеді.


Аталған комитет ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы істер және қорғаныс министрліктерімен тікелей жұмыс жасайды.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қалижанұлының айтуынша, шығып жатқан заңдардың барлығы осы министрліктердің құзырындағы мәселелерге арналады.

Қазақстанның сыртқы саясатына, ішкі саясатына да соғатын мәселелер бар. Осы сессиядағы тұжырымды жұмыс шегера мәселесіне қатысты болды дер едім.

Қазақстан мен Өзбекстан, Қазақстан мен Қытай, сонымен бірге Түркіменстанмен, Ресеймен арадағы шекараны делимитация және деморкация жасау мәселелері, соның ішінде Каспийді игеру жайында халықаралық шарттардың ратификациядан өткені деп ойлаймын. Оның ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы Каспий теңізінің орталық сызықтарды бөлу жөніндегі келісім-шартқа байланысты ресеймен ардағы келісім-шартты ратификациядан өткізуді, сонымен бірге Қазақстан мен Азербайжан арасындағы осы каспий теңізіне байланысты ортақ сызық бойынша бөлу мәселесі жөнінде екі ратификацияны жүргіздім. Осы екі заң жобасы да мәжілісте аса дау-дамай тудырмай өтті және сенаттан да өтті. Бұл ратификцияларға, заң жобаларына президент қол қойды.

Кезінде Қазақстан тәуелсіздігін жаңадан алған кезде көптеген шетелдік инвесторларменен арада келісім-шартар жасалғанда Қазақстан өзінің негізгі мүдделерінен айрылып қалған. Себебі, Қазақстан ол кезде жаңадан тәуелсіздігін алған мемлекет еді. Әлі жұрт тани қоймаған.

Қазақстан ол кезде күлшелі бала болатын. Сондықтан көптеген мұнай көздеріне байланысты шарттарда олардың мүддесіне қарай салықтан босату сияқты мәселелер шешіліп кеткен. Ал, қазіргі саясат мүлдем өзгерді. Каспийде мұнай көздерін іздестіруде қазір жасалып жатқан келісім-шарттарда Қазақстанның мүддесі тұр.

Каспий теңізіне байланысты Қазақстан, Ресей, Азербайжан арасындағы үштік мемлекеттер арасындағы келісім-шарттарға қол қойылды.

Түркіменстанмен арада осындай келісім-шарттар, қазір Ашхабадта үкіметаралық келісімдер жүріп жатыр.

Әрине бұл мәселе де Иранның көзқарасы бөлек. Иран Каспийді ортақ сызықтан емес, мемлекеттік секторларға бөліп, 20 пайызын алып сонда жұмыс істемекші.

Каспий теңізін ортақ сызық арқылы бөлу мәселесі Ресеймен, Азербайжан арасында заңдық тұрғыдан қолдау тапты. Түркіменстан жағы да бұған оң қабақ таныта бастады. Төрт мемлекет біріккеннен кейін Иран да мәмілеге келетін шығар,-дейді Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижанұлы.

Терроризмге қарсы күрес мәселелерінің де маңызы үлкен.

Америка құрама штаттарындағы баяғы 11 қыркүйектегі террорлық актіден бұрын, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, БҰҰ-ның мінберінен терроризм ұлтқа төнген қауіп, осыған байланысты мемлекетаралық ұйым құрайық, Ауғанстанда осыған байланысты бір жиын өткізейік деген ұсыныс берген болатын. Меніңше, саяси көрегенділік деген осы. Ал, бір жылдан кейін АҚШ-та жаңағы террорлық акті болды. Осыдан кейін өркенниетті елдер терроризм бір мемлекеттің ішінде болуы ғана мүмкін емес, оның әлемдік деңгейде дамып кетуін мойындады.

Әр мемлекет өз аумағында террорлық әрекеттерді болдырмауға байланысты Шанхай одақтығында елдердің өзара аймақтық терроризмге қарсы күрес бөлімін құруға мәжбүр болды. Осы мәселе де біздің комитет арқылы өтті. Сонымен Бішкек қаласында аймақтық ынтымақтастық үлкен ұйымы құрылды.

Қазақстанға қауіп қай жағынан түсуі мүмкін. Ол Қырғызстандағы Бәткен шатқалы, оның ар жағында ауғанстан, террористік әрекеттер, келсе, сол жақтан келеді. Бішкекте орналасуы сондықтан.

Бұл Шанхай ынтымақтастығы елдерінің бюджетінде болатын мекеме. Қазақстанның бұл жерде үлес салмағы бар.

Уәлихан Қалижанұлының айтуынша, Бішкек қаласындағы ынтымақтастық ұйымында Қазақстан жағынан алты адам болады.

Бұл келелі мәселелерді дауысқа салғанда, Қазақстанның өзінің үні болады деген сөз. Мұнымен бірге наркобизнес, нарко трафикті шекарадан өткізбеу мәселесін де бірге жүргізуге мүмкіндік алып отырмыз.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қараған маңызды заң жобаларының бірі әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы заң жобасы болды. Мұнда әскерлерге қатысты көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан.

Жыл сайын бюджеттен ұлттық табысымыздың бір пайызы қорғаныс министрлігіне бөлініп отыр.

Әскери кадрлеріміз жеткілікті. Ол кезінде ресейде дайындалған офицерлер болатын.

Сарышағанда немесе Каспий теңізінде өткен әскери шынығу ойындарында Қазақстанның қарулы күштері мен техникасының бүгінгі заманға сәйкес құралдармен жабдықталғанын көрсетті. Оның үстіне Америка Құрама штаттарымен стратегиялық әріптес ретінде болғандықтан, АҚШ біздің әскеріміздің кемелденуіне үлкен ықпал етті.

Жаңадан қабылданған жер кодексінде әскерилердің әлеуметтік мүдделері ескерілді. Өздерінің мерзімдік қызметін өтеп біткен әскер адамдар жер кодексіне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен жер алады. Қазақстанмен өркениетті елдер санасатын болды. Республиканың сыртқы саясаттағы негізгі өзекті мәселесі бейбітшілік жағдайы,- дейді Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижанұлы.

АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың Қазақстанға стартегиялық әріптес деп жариялап, Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төнген жағдайда бірге қорғауға келісім-шартқа отыруы осының айғағы.

Біздің комитеттен өткен тағы бір заң жобасы соғыс жағдайы туралы болған. Заңға қол қойылды. Осы заң жобасы талқылағанда кейбір “патриоттар” бұл не үшін керек, Қазақстан кіммен соғысайын деп жүр деген сөз таратты. Мүлдем дұрыс емес. Мемлекет болғаннан кейін заңмен алдын-ала реттеп қою керек.

Кез-келген уақытта, төтенше бір жағдай болып қалған кезде кім немен айналысуы керектігі айқындалуы қажет.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасын белгілеу кезінде қазақстан ұтылып қалған жоқ па деген көп сұрақтар туындаған болатын. Депутат Уәлихан Қалижанұлы бұл мәселеге кеңірек тоқталды.

Басқа елдермен арадағы делимитация, деморкация жасау мәселесі оңай шешілді. Ал, бұл жерде үлкен мәселе бар еді. Өйткені, Өзбекстанмен атам заманнан бері қазақтар қатар тұрды. Шекараның ашық-шашық кезінде бірі қазақстанның бірі өзбекстанның жерінде тұрды. Оның үстіне, қызыл террор, саясаттың кезінде қазақстанның көп жері өзбекстанның жеріне өтіп кетті. Делимитация, деморкация жасау кезінде осы мәселелердің ушыққаны да рас. Бұл жерде президентіміз Нұсұлтан Назарбаевтің Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен арада жүргізген ең алдындағы мәмілелесу туралы әңгімелерінің оң шешімге ықпал еткенін айту парыз деп білемін.

Екіншіден, Үкіметаралық комиссия өте жақсы жұмыс істеді.

Бағыс елді-мекеніне байланысты оппозициялық топтар сол кездерде дүр көтеріліп сайрады ғой. Сайып келгенде, саясат та ұраншылдық жараспайды.

Бағыста негізінен қазақтар және Қазақстан азаматтары тұратын. Осы үкіметаралық келісім барысында Бағыс түгелімен Қазақстанға өтті. Сол кезде дау туғызған Түркістан елді-мекені болатын. Түркістан ешқашанда Қазақстанның құзырында болған шаруашылық емес. Бірақ ол жерде қазақ азаматтары бар еді. Сол жақта тұратын қандастарымызға оралман мәртебесі беріліп, Қазақстанға көшірілді.

Ол жақта тұратын 150 отбасының 99-ы бірден көшіріліп, 21 отбасы қалып қойған болатын. Кейін бұл мәселе үлкен әңгіме болды. Бөлінген қаржы жетпей қалып, 2003 жылдың бюджетін талқылау барысында бұл мәселе шешімін тапты.

21 отбасына 31 миллион теңге ақша бөлініп, Қазақстанға көшірілді.

Өзбекстан мен арадағы мәселе дұрыс шешілді. Өйткені, өзбекстан шекарасының бір бөлігі Қазақстанның ішіне кіріп кетіп, Қазақстанның бір бөлігі Өзбекстанның аумағына кіріп кеткен болатын. Осыған орай, Қазақстанның 200 шақырым жерін, Қызылорда жағынан Өзбекстанға бердік те жаңағы 200 шақырым жерді Қазақстанға бері қарай алдық. Тепе-теңдік дәрежемен жер алмастық. Қызылорда жағындағы негізінен өзбек тұратын 200 шақырым жер Өзбекстанның жағына өтті де, қазақтар тұратын Бағыс жағындағы елді-мекендер Қазақстанға өтті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны делимитациялау және деморкациялауда қоғам тарапынан сұрақтар туындағаны рас. Уәлихан Қалижанұлы, мұндай жағдайда ұтылу және ұтылмау туралы мәселе қойылмауы керек деп есептейді.

Себебі, күні бүгінге дейін Қытайдың барлық оқулықтарында, географиялық карталарында Балқаш көліне дейін, бер жағында Шуға дейін сол өздерінің аумақтары етіп көрсетілген. Солай деп оқылады.

Қырғызстан-Қазақстан шекараларының түйісу нүктелері анықталды. Ол ратификациядан өтті. Делимитация нақтыланды. Енді Қытай жағының біздің жерімізге көз алартуына мүмкіндік жоқ. Біз шекараның сызығын, бағананың қай жерге қойылатынын анықтап алдық. Жақында ғана біздің сыртқы істер министрлігі арнайы нота жіберді қытайдың елшілігіне. Енді заңмен нақтыланған шекара бойынша қоюларыңызды сұраймыз деп нота жіберді.

Уәлихан Қалижанұлы, бұл мәселе парламенттің аталған комитетінде қазақстандағы қытай елшісімен кездесуде де сөз болғанын айтты.
XS
SM
MD
LG