Accessibility links

Алматыда 6 айда 925 жол көлік оқиғасынан 82 адам қаза тапты


Алматыда соңғы 6 ай көлемінде орын алған 925 жол көлік оқиғаларының салдарынан 82 адам қаза тауып, 1002 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Алматыда соңғы жартыжылдық көлемінде орын алған 925 жол көлік оқиғаларының салдарынан 82 адам қаза тауып, 1002 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Бұл туралы 4- шілде күні өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық ішкі істер бас басқармасының жол полициясы басқарма төрағасының орынбасары Арман Сарбасов хабарлады.

Арман Сарбасовтың айтуынша, 2003 жылдың соңғы алты айында қалада орын алған жол көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмендеген. Ал, жол көлік оқиғаларының салдарынан опат болғандардың саны 2003 жылдың соңғы 3 айында 36 пайызға, ал 6 айда 11 пайызға азайған.

Сонымен қатар, жол көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны да үстіміздегі жылдың соңғы 3 айында 8,5 пайызға, ал 6 айда 7,6 пайызға төмендеген көрінеді. Жалпы, таратылған ақпаратқа қарағанда, Алматы қаласындағы ресми тіркелген көліктер саны 1991 жылы 99,6 мың болса, 2003 жылы ол көлем 210,3 мыңға жеткен. Сондай- ақ, үстіміздегі жылдың соңғы алты айында Қалалық ішкі істер басқармасы жол полициясының қызметкерлері жол көлік оқиғаларымен байланысты орын алған 1140 қылмысты ашқан.
XS
SM
MD
LG