Accessibility links

Жерге қатысты референдум

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Жерге қатысты референдум өткізуді ұйымдастырушы бастамашыл топ өкілдері алдағы уақытта тағы да жиын өткізуі мүмкін.

Жерге қатысты референдум өтізуді ұйымдастырушы бастамашыл топ өкілдері алдағы уақытта тағы да жиын өткізуі мүмкін. Олар Орталық сайлау комиссиясының референдум өткізу заңсыз деген шешімін мойындағысы келмейді. Өйткені, әділетсіз шешім шығарып отыр, барлық облыстардағы халық түгелге жуық жер сату мен жекеменшікке беру туралы әрекетке қарсы деген пікірді алға тартады.

- Жер сатуға ауыл халқының бәрі қарсы. Өйткені олардың дәл қазіргі жағдайда 1 гектар жер сатып алуға шамалары келмейді. Жанармай да техника да жетіспейді. Олар біз білгенді біліп отыр, ауыл хақы ұйқыда деген бос сөз, олар оянған. Қатты мазаланып отыр, - дейді жұма күні республмканың оңтүстігі мен солтүстік облыстарын аралап шыққан бастамашыл топ өкілі Хайролла Адамұлы.

Ол кісінің айтуынша 14 маусымда Алматыда өткен жиынға қатысушыларды қорқытып-үркіту, жазалау шаралары көптеген облыстардда орын алыпты. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясын тарату керек, Оның төрайымы Балиеваны орнынан алу қажет дейді.

Алдағы мәслихат сайлауына міндетті түрде Орталық сайлау комиссиясын жаңалап, түрлі партиялар мен қозғалыс өкілдерін сол комиссияға мүше етпейінше іс алға баспайды, әділет орнамайды деген пікірді айтады референдум өткізу жөніндегі бастамшыл топ өкілі.
XS
SM
MD
LG