Accessibility links

Жер сатуға қарсылық білдірген Ақтөбедегі университет оқытушысы Ерболат Сатыбалдының үстінен қозғалған іс тағы кейінге қалды.


Ақтөбедегі белсенді азамат, Құдайберген Жұбанов атындағы университет оқытушысы Ерболат Сатыбалдының сергелдеңі таусылмай тұр.

Оны осымен сотқа төртінші рет шақырылып, алайда нақты бір шешім шығарылмай, іс тағы кейінге шегерілді, - дейді Ерболат Сатыбалдыны қорғау штабының мүшесі Жасарал Қуанышәлі:

- Ақтөбеде бұл хикая одан әрі жалғасып жатыр. Сол баяғы жерді жекеменшікке беруге қарсы тұрып, наразылық танытқаны үшін қудалауға түсіп, соның нәтижесінде сот басталып, сол түсініксіз жағдайда созбалаққа салынып, судьялар істі қараудан қашқақтап,бір-біріне сілтеп, енді тағы кейінге қалдырып отыр, - дегенді айтты.

Бұл мәселе жөнінде жұма күні Ерболат Сатыбалдының өзімен хабарласқанымызда ол Қазақстандағы сот жүйесінің әділетсіздігіне, жалпы, қазір Қазақстанда орын алған жүйенің іріп-шірігеніне көзі жеткенін айтады.

- Мен жас болған соң әділеттілікке сенуші едім, алайда осы күні талай нәрсені үйрендім, біздің қоғамда талай былқ-шылық орын алған екен. Жалпы, сот деген саясаттың құралы болып шықты. Өмірдің мәнін түсіне бастадық, - дейді Ерболат Сатыбалды.

Осылайша сотқа Ерболатты қорғау штабының бір топ мүшелері барғанда соттағылар тағы да себеп-сылтау айтып, істі қарауды кейінге қалдырды.
XS
SM
MD
LG