Accessibility links

Палестина жасақтары барлық тұтқындарды азат етуді талап етті


Палестина жауынгерлік жасақтары Ызрайл абақтыларында отырған барлық палестиналықты азат етуді талап етті. Әйтпеген жағдайда уақытша бейбіт келісім бұзылып, АҚШ бастаған "жол картасы" жоспары мүлдем далада қалады дейді олар. "Ислам Жихады" ұйымының бастығы Мұхамед Әл Хинди Ызрайлдің кеше елу соғыс тұтқынын босатқанын көзбояушылық деп сипаттады, моджахедтердің жаппай босатылыуын мұқтаж етеміз деді. Ызрайлдің қолындағы палестиналық тұтқындардың саны, жалпы, мыңдап есептеледі. Ызрал бүгін тағы он екі шақты жауынгерді қамауға алды. Олардың көпшілігі Палестина басшысы Ясир Арафатқа қарасты "Әл-Фатах" ұйымының мүшесі. Тұтқындар мәселесін және бес күнге әзер-әзер созылып келе жатқан тыныштық мәселесін Палестина бас министрі Махмұд Аббас бүгін талқылауға тиіс.
XS
SM
MD
LG