Accessibility links

АҚШ Солтүстік Корея билігін ауыстыруға құштар емес деп мәлімденді


АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Ричард Эрмитейдж Солтүстік Корея билігін ауыстыруға құштар емеспіз деп мәлімдеді. АҚШ үкіметіне қарайтын "Азат Азия" радиосына бүгін айтқан сұхбатында Ричард Эрмитейдж біздің басты мақсатымыз – Солтүстік Кореяның қолын атом қаруынан қағу, Солтүстік Кореядан көршілес мемлекеттерге қауіп төндірткізбеу деді. Солтүстік Кореяның күдікті атом бағдарламасының мәселесі ұқыптылық пен жан-жақты талқылауды талап етеді. Келіссөзге Қытай мен Ресейдің қатысқаны жөн, деді АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Ричард Эрмитейдж.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG