Accessibility links

Жапонияда атом электростанциясында өрт болды


Жапонияның Фюджен атом электростанциясында бүгін өрт болды. Дегенмен, үлкен апаттың алды алынды, ешкімге зиян тиген жоқ. Атом станциясы жұмысын жалпы наурыз айында тоқтатқан. Өрт қоймалардың бірінен шықты. Жапония Атом және өнеркәсіп қауіпсіздігі агенттігі радиация апатының қаупі жоқ деп мәлімдеді. Өрттің алдында жарылыстың дыбысы естілгені хабарланып жатыр.
XS
SM
MD
LG