Accessibility links

Сильвио Берлусконидің шатағы әлі жалғасып отыр


Европа Одағының кезекті төрағалығына қонған Италия бас министрі Сильвио Берлусконидің Европарламентте дөрекелігі әлі жанжал үстінде. Бұл теріс шаруаны Сильвио Берлускони халықаралық қызметке кірісіп, Европа парламентінің алдынан өтіп жатқан да ақ сейсенбі күні тындырды. Сильвио Берлускони Германия депутаты Мартин Шульцты "неміс фашистерінің ажал абақталарындағы сақшының бейнесіне лайықтысыз" деп балағаттап, ауызын жаппақ болды. Сильвио Берлускони кеше кешкісін Германия бас министрі Герхард Шредерден кешірім сұрады. Дегенмен, Европа парламенті бізден әлі кешірім сұралған жоқ деп отыр. Бұл талапты Европарламент президенті Пәт Кокс және балағат сөз естіген депутат Мартин Шульц бүгін тағы қойды. Сильвио Берлускони болса бүгін Рим қаласында Европа комиссиясымен кездесіп, Европа одағының президенттігіне кірісу қамын атқарып жатыр.
XS
SM
MD
LG