Accessibility links

Ресейдің ЮКОС мұнай компаниясы шатаққа тап болды


Ресейдің ЮКОС мұнай компаниясының жағдайы қылмыстық тергеуге байланысты нашарлап кетті. Бүгіннің өзінде компания бір жарым миллиард доллар жоғалтты. Бұған компанияның негізгі акцияларының қожайыны "Менатеп" компаниясының төрағасы Платон Лебедевтің тұтқынадалуы түрткі болды. Платон Лебедев 1994 жылы мемлекеттің 280 миллион долларын жымқырды деп айыпталды. Бүгін бас прокуратураға тергеуге ЮКОС компаниясының төрағасы Михаил Ходоровский, компанияның бұрыңғы басшысы және негізгі акционері Леонид Невзлин күәләр ретінде жауап берісті. Бас прокурордың кеңсесінен шыққан соң Михаил Ходоровский ЮКОС компаниясына қатысты сұрақ қойылған жоқ, компаниямыздың жұмысына қатысты ешқандай күдік жоқ деп мәлімдеді. Григорий Явлинский сияқты сыншылар бұл жағдайды Ресей басшылығының үркіту әрекеті, капитал алпауыттарын саясаттан неғұрлым алыстау ығыстыру әрекеті деп қабылдады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG