Accessibility links

Саддам Хусейн мен ұлдарын тауып бергендерге сыйлық жарияланды


Бұрыңғы президент Саддам Хусейнді көрсеткен не болмаса ол бұл дүниеден аттанған болса ажалын растайтын азаматқа АҚШ басшылығы 25 миллион доллар ақы сайлады. Саддаммен бірге Ирақты басқарған екі ұлы Ұдай мен Қосайды ұстап беруге көмектескендерге 15 миллион доллар ақы тағайындалды. Ирақтың АҚШ тағайындаған әкімі Пол Бремер теледидар арқылы кеше үндеу жариялап, Саддам Хусейн мен оның екі баласын әлемге талай зұлымдық жасаған тұлғалардың санатынан шығарған жоқпын деп мәлімдеді. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл Саддам Хусейн қай жерде болсада оны қолға түсіруге мұқтажбыз деп сипаттады. - Саддам Хусейн қай жерде жүрседе, өлі не тірі болсада, оны кез-келген жолмен анықтау шаруасы маңызды деп білеміз. Бұл жағдайды тұрақтандыруға және Саддамның қайтып келмейтініне Ирақ халқын сендіруге септігін тигізеді. Сыйлықты тағайындау осы мақсатқа қол жеткізудің бір тәсілі ғана, - деді Колин Пауелл. Ирақта тыйылмай отырған қақтығыстарды АҚШ басшылығы негізінен саддамшыл күштерден көреді. Бағдадта кеше кешкісін мергеннің оғынан бір американдық сарбаз қаза тапты. Бағдадта әскери база атқыланып, он сарбаз жарақат алды. Бүгін тағы екі американдық сарбаз жараланды. Соғыс аяқталғалы бері Ирақта кемінде 26 американдық сарбаз қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG