Accessibility links

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскері "Хәвен дэниал" операциясын бастады


АҚШтың Ауғанстандағы әскері оңтүстік-шығыс аймақта жасырынып жүрген Әл-Қаида және Талибан әскерінің соңғы тұяқтары деп есептелетін жасақтарға қарсы бүгін жаңа шабуыл бастады. "Хәвен дэниал" операциясы Пактика және Хост провинцияларында өтіп жатыр. АҚШ әскерінің өкілі аға полковник Дуглас Леффордж операцияның мақсаты – жергілікті қоғам ұйымдарына, одақтастар әскеріне қарсы тыйылмай жатқан шабуылдарға тоқтау салу, террористерге қайтадан бас көтертпеу деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG