Accessibility links

Пәкістанда мешітке шабуыл жасалды


Кьютта қаласында шиит мұсылмандарының мешітінде бүгін жарылыс болды. Кьютта қаласында негізінен суннит мұсылмандары тұрады. Мешітке келген он адам қаза болды, отыз шақты адам жараланды. Шиит мұсылмандары ашуға басып, көшеге шықты, көзіне түскен мәшинелерді өртеп жатыр. Полиция комендант сағаты тәртібін орнатты. Күдікті бір азамат қамауға алынды. Пәкістан президенті Перүез Мұшарраф бүгінгі оқиғаға сөгіс айтты. Шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG