Accessibility links

Европа одағына кандидат елдер Одақтың бірінші Конститутциясына өз түзетулерін ұсыну жөнінде бір мәмлеге келген.


Чехияның оңтүстік –шығысындағы қалада бас қосқан орталық Европаның Европа одағына кандидат алты мемлекетінің өкілдері кеше Одақтың бірінші Конститутциясына өз түзетулерін ұсыну жөнінде бір мәмлеге келіскен. Чех республикасы мен Словакия, Венгрия және Словенияның, Польшаның және одақтың қазіргі мүшесі Австрияның сыртқы істер министрлері жобада қабылданар шешімдер, Одаққа мүше елдердің кемінде тең жартысы оны қолдап, дауыс бергенде ғана өтетіндей жүйені ұсыну турасында келіскен. Чехияның сыртқы істер министрі Сирил Свобода аталған елдер министрлерінің бұл мәселені талқылау үшін алда Польшада тағы да кездесетіндігін айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG