Accessibility links

Пакістанда шиит мұсылмандарының мешітіндегі жарылыстан 44 адам қаза тапқан.


Пәкістанның оңтүстік батысындағы Кветте қаласындағы шиит мұсылмандарының мешітіне жасалған шабуылда ондаған адам қаза тауып, тағы да көптеген жандар жараланған. Пәкістандағы басты мейірімділік агенттігі көмек қорының өкілі шабуыл салдарынан ең кемінде 44 адам өліп, 60-тан астам адам жарақаттанды деген. Мешіттегі осы түскі намазды өткізіп жатқан дінбасы да осындай деректерді келтірген. Бұдан бұрын ресми билік өкілдері қаза тапқандар 32 болады деп айтқан, бірақ олардың саны бұдан да көбейіп кетуі мүмкін деп хабарлаған. Куә болғандардың айтуынша, өзін-өзі жарған бір жанкештіден басқа да мешіттегі адамдарға қаратып оқ жаудырғандар болған. Ешқандай топ шабуыл жауапкершілігін өз мойнына алмаған. Пәкістандағы аз санды шиит мұсылмандары мен көп санды сунит мұсылмандары арасында әрдайым да қақтығыстар орын алып келген. Парижде ресми сапарда жүрген Пакістан президенті Первез Мұшарраф аз сандылардың экстремистер тобын айыптап, оларды жауапқа қатаң тартатын боламыз деп ант етті. -Бұл қашан да өкінішті, азшылық өкілдерінің ұлттық сезімдерге нұқсан келтіретін осындай қадамдарға баратыны. Мен анық айта аламын, Пакістан халқының басым көпшілігі лаңкестік пен террорға, фундаментализмге қарсы, оларға қосылмайды-, деп атап көрсеткен Пакістан президенті. Шабуылдан кейін ашу-ызаға булыққан шиит мұсылмандары наразылықпен көшелерге шыққан, бірақ әскери жасақтар коменданттық уақыт тағайындаған соң, олар тарасып кеткен.
XS
SM
MD
LG