Accessibility links

АҚШ президенті Ж.Буш Америка террорлық қауіп төндірушілермен күресті жалғсатыра беретін болады деген.


Огайо штатында кеше Америка мейрамын мерекелеу кезінде сөз сөйлеген АҚШ президенті Джорж Буш өз елінің жаппай қырып-жою тәрізді қарулармен Америкаға қауіп төндіретін кез-келген террорлық ұйым мен топтарға қарсы ымырасыз күресіп , соғысты жүргізе береді деп атап өткен. Буш Дейтонда орналасқан 25 мыңдай АҚШ қарулы күштерімен жане олардың отбасыларымен бірге Америка тәуелсіздігі күнін атап өту барысында осындай қатқыл мәлімдеме жасаған. АҚШ президенті өзінің бұл сөзінде күн сайын шабуылдарға душар болып жатқан Американың Ирақтағы жасақтары жөнінде ғана емес, жалпы террормен күрес турасында тоқталған. Дал сол сәтте АҚШ-тың әкімшілігі Ирақтағы Америка күштері ролінің ұлғайып бара жатқанына қатысты маселелер мен ондағы жасақтардың қатарында бақытсыз жайлар жиі орын жатқаны жөнінде хабарлар алған болатын.
XS
SM
MD
LG