Accessibility links

Владимир Путин Өзбекстанға барады, ал Борис Ельцин Қырғызстанда


Ресей президенті Владимир Путин ертең Өзбекстан астанасы Ташкентке келеді. Путин осы елде екі күн қонақтайды. Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов дүйсенбі күні Самарқанд қаласында келіссөз жүргізеді. Әңгіме арқауы – екі елдің қарым-қатынасы, Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі және Ауғанстанды қайта құру мәселесі болмақ. Ал демалыс сапарында елші боп жүрген Ресейдің бұрынғы президені Борис Ельцин болса бүгін Қазақстан астанасы Астанадан Қырғызстанға, Ыстық көлге жылжыды.
XS
SM
MD
LG