Accessibility links

АҚШ-ң бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер кеше Тбилисиге келді.


Ол Грузия президенті Эдуард Шеварднадзеге АҚШ президенті Джорж Буштың сәлемін жеткізіп, елдегі парламент сайлауларының әділ өтуіне кепілдік беріп, оынң дұрыс өтуін қамтамасыз етуге Грузия басшысын үгіттей келген. Байкер төрт сағат бойына Шеварднадземен және екі сағат бойына оппозиция өкілдерімен кездесіп, екінші қарашада өтетін дауыс берулер жайында әңгімелескендігін айтқан. Бірлесіп өткізілген баспасөз-мәслихатында Шеварднадзе де пікір алысулардың негізгі тақырыбы алдағы сайлау болды деген. Ол сонымен қатар Грузиядан бөлінген Абхазия аймағының маселесі де қамтылды деп айтқан. Грузия соңғы жылдары АҚШ-пен жақын қарым-қатынас, байланыстар қарастыруда. Өткен жылдан бері қарай Америка әскерилері Грузия аскерлерімен террормен күрес шараларын оқытып- үйрететін жаттығулар өткізіп келеді.
XS
SM
MD
LG