Accessibility links

Ирақтың солтүстігінде Америка жасақтары ұстаған Түркия солдаттарының кейбірі босатылған.


Түркияның премер- министрі Режеп Тайып Ердоған американдық билік басылары бұынң алдндағы күні ұсталған түрік офицерлері мен солдаттарының бірнешеуін тұтқыннан босатты деп айтқан. Бұл жөнінде Ердоғанға сілтеме жасай отырып, Анатолы жаңалықтар агенттігі хабарлаған. Агенттік түрік солдаттарының қалғандарын да босату турасындағы әрекеттер жасалып жатыр деген үкімет басының сөздерін келтірген. Сондай-ақ есе қайтару мақсатында Түркии Шрақ пен Түркияның арасындағы Хабұрдағы шекараны жауып тастады деген де хабарлар болды. Бұл шекараны Америка күштері бірқатар жүктерді тасымалдауға пайдаланады. Түркия сыртқы істер министрі Абдулла Гұл бұдан бұрынырақ Хабұрда кейбір шектеулер болғандығын айтқан.
XS
SM
MD
LG