Accessibility links

Бағдадтағы амрикандық азаматтық әкімшілік басшысы Пол Бремер бұрынғы Ирақ жетекшісі Саддам Хусейін біржолата құртылды деп мәлімдеген.


Кеше Ирақ астанасындағы баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінде ол, егер Саддам әлі тірі болатын бнолса, біз оын ұстаймыз деп айтқан. Бұдан бір күн бұрын Арабтың Әл-Жазира телеарнасы Саддамның даусы жазылды деп мәлімделген бейнетаспаны көрсетіп, онда сөйлеуші өз жақтастарын Ирақтағы АҚШ күштеріне қарсы күресуге шақырған. Бремер бұған жауап ретінде Баас партиясының билігі ешқашанда қайтп оралмайды деп атап көрсеткен. Ол сондай-ақ кешегі күні Рамади қаласында полиция қатарына жаңадан қабылданғандардың салтанаты аяқталар тұста болған жарылыстарды айыптаған. Ол Ирақ азаматтарының 35 жыл бойы бастан кешкендері, енді олардың Саддам жақтастарын жек көрулеріне жеткілікті деген.
XS
SM
MD
LG