Accessibility links

Мәскеу Тушинода жарылыс жасаған жанкешті айелдер шешенстандықтар деп мәлімдейді.


Бірнеше ондаған мың адам жиналған концерт өтіп жатқан жаздық алаңға таяу жерде болған кеі бірдей жрылыстан 14 адам қаза тапқан. Мәскеу қалалық полициясының өкілі Валерий Грибакин жарақат алған 60 адамның ауруханаға жеткізілгенін айтқан. Ресейдің ішкі істер министрі Борис Грызлов оқиға орнынан табылған паспорт жанкештілердің шешенстандықтар болғанын көрсетті деген. Алайда шешен сепаратистерінің басшысы Аслан Масхадовтың Ресейдегі өкілі Саламбек Майгов бұл жайтқа шешендердің қатысы жоқ деп айтқан. Мәскеудің мэрі Юрий Лужков адамдардың көпшілігі екінші жарылыста қаза болды деген. Дегенмен де концерт жарылыстан соң бірнеше сағаттардан соң аяқталған, билік басылары елді дүрліктірмес үшін оны тоқтатпаған. 20 мыңға жуық көрерменнің көпшілігі жаздық концерт алаңына жақын жерде қандай төтенше жайт болғанынан бейхабар еді. Әлемнің бірқатар едлерінің жетекшілері Израил мен Германия және Франция бұл жарылыстар әрекетін айыптаған. Ақ үй болса, бұл оқиға террормен аяусыз күрес жүргізе беру қажеттгін көрсетті деп айтқан. Рейтер агенттігінің хабарлауынша Ресей президенті Вл. Путин өзінің бұдан бұрын жоспарланған Өзбекстанға сапарын бүгін бастайды. Одан кейін ол Әзірбайжан мен Малайзияға барады.
XS
SM
MD
LG