Accessibility links

Израильдік барлау қызметінің жетекшісі А.Дихтер премьер-министр А. Шаронға таяу күндері бостандыққа жіберуге болатын 400 палестиндік тұтқынның тізімін берді.


ТЕЛЬ-АВИВ: Израильдік барлау қызметінің жетекшісі А.Дихтер премьер-министр А.Шаронға таяу күндері бостандыққа жіберуге болатын 400 палестиндік тұтқынның тізімін берді. Жексенбі күні Израиль үкіметі, қақтығысты үш айға тоқтатуға келісімін берген палестиндік “Хамас” сынды әсіре топтардың талап етуі бойынша, қайырымдылық жасаудың мүмкіндіктерін талдады. Түрлі ақпар бойынша, Израиль түрмелерінде 6 мыңнан 8 мыңға жуық палестиндік қамауда отыр. Жексенбі күні Израильдің қорғаныс министрі Ш.Мофаз Палестина аутономиясының қауіпсіздік мекемесінің жетекшісі Муһаммад Даһланмен Израиль армиясын Палестина жерінен әрі қарай шығарудың шарттарын талдасты. Израиль әскері Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Вифлеем қаласы мен Һаза аймағынан кетіп үлгерді.
XS
SM
MD
LG